logo

Қамшыбек Құнқабаев: Бұрын жасаған қателіктерді қайталамауымыз қажет

Қамшыбек Құнқабаев: Бұрын жасаған қателіктерді қайталамауымыз қажет

Олимпиада ойындарының жүлдегері, боксшы Қамшыбек Құнқабаев Астанада өтетін алдағы турнирге дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Астанадағы турнирге 7-8 мемлекеттен спортшылар келеді. Бәрінің де қарқыны жақсы. Қазіргі жоспарымыз — осы жарыстағы әлеуетімізді байқап, кейін Олимпиадада қате жібермеуге тырысу. Жақында Бакуде өткен халықаралық жарыста ресейлік боксшыдан жеңіліп қалдым. Өзімнен қате кетті. Енді сол олқылықтармен жұмыс істеудемін. Тамақтану, режим, дайындық — бәрі ойдағыдай. «Елорда кубогінен» кейінгі жоспарымызды бапкерлер құрады», — деді Қоңқабаев. 



Күн шежіресі