logo

253 млн теңге: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алғандар қанша сыйақы алады?

253 млн теңге: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алғандар қанша сыйақы алады?

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров бас серіктес пен іс-шараның демеушісі қанша қаражат бөлетінін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Серіктестеріміз бөлген қаражат бірінші кезекте жүлделерді төлеуге бағытталады. Олардың жалпы сомасы 253 млн теңгені құрайды. Әр спорт түрі бойынша жеке және командалық жүлделер тағайындалады.

Көкпар мен көк бөріден жеңімпаз команда 10 млн теңге, екінші орын алған команда 6 млн теңге, үшінші орын үшін 4 млн теңге алады. Жеке спорт түрлерінде алтын медаль иегерлеріне 500 мың теңгеден үлестірілсе, екінші орын 300 мың теңгені иеленеді. Қола жүлдегер 200 мың теңге алады», - деді Н. Нұров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.

Айта кетейік, жорға, құнан бәйге, топ бәйге жеңімпазы 3 млн теңгеден иеленсе, аламан бәйге жеңімпазы 5 млн теңгені қалтасына салады.

Бұдан бөлек, демеушілердің бөлген қаражаты шетелден келетін ғылыми бағдарлама спикерлеріне, мәдени бағдарламаға қатысушыларға арналған кәдесыйлар мен авиабилеттерді сатып алуға жұмсалады. 



Күн шежіресі