logo

Шымкентте теңге ілуден Азия Кубогы өтеді

Шымкентте теңге ілуден Азия Кубогы өтеді

6-7 сәуір күндері Шымкентте теңге ілуден ІІ Азия Кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Орталық ипподромда ұйымдастырылатын біріншілікке теңге ілуден Қазақстан құрамасынан бөлек, 6 мемлекеттің спортшылары қатысады. Атап айтқанда, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия және Тәжікстан елдерінен келген 50-ге жуық спортшы теңге ілудің үш стилі бойынша бақ сынайды. Олар: бес белес, қос құлаш және жеті құт.

Шымкентте теңге ілуден Азия Кубогы өтеді

«Теңге ілу» спортында жарысқа қатысушы барынша аз уақыт ішінде барлық теңгені ілуі тиіс. Аттар жаттығу жасауға арнайы үйретілген, теңге ілуге даярланған болуы шарт. Команданың құрамындағы аттарды команда мүшелері ауыстырып кезекпен пайдалануға рұқсат беріледі.

Ұлттық спортымыз теңге ілуден ІІ Азия Кубогы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының теңге ілу федерациясы ұйымдастыруымен өтеді.



Күн шежіресі