logo

Жозе Моуринью Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде. «Фенербахче» — «Лилль» матчын қайда және нешеде көруге болады

Жозе Моуринью Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде. «Фенербахче» — «Лилль» матчын қайда және нешеде көруге болады

Жозе Моуриньоның басшылығымен түрік «Фенербахче» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығу құқығы үшін француздық «Лилльге» қарсы ойнайды. Бұл командалардың алғашқы кездесуі француздардың жеңісімен аяқталды.

«Ерекше» деп лақап әлемге атымын танымал бапкердің жұмысы Түркия чемпионатында оңай басталған жоқ. Моуриньо бастаған «Фенербахче» екінші іріктеу кезеңінде швейцариялық «Луганоны» қиындықпен өтіп, кейін Абат Айымбетовтың «Адана Демирспор» клубын минималды есеппен жеңді.

«Лилльмен» матч алдындағы түрік клубының жақсы жақтарының бірі — төрт матчта бес гол соққан Эдин Джеконың физикалық бабы, сонымен қатар бразилиялық жартылай қорғаушы Фредтің жарақатынан қалпына келуі.

«Лилль» чемпионатты әлі басталған жоқ, Олимпиада ойындарына байланысты «Фенербахчемен» алғашқы матч француздық клубтың стадионында өтпеді, бірақ бұл түрік командасының қақпасына екі доп соғып, Стамбулға бір доп айырмасымен болса да баруға кедергі болмады.

«Лилльдің» бас бапкері Бруно Женезио Түркияға ұшар алдында жанкүйерлерді бразилиялық футболшы Исмаилидің оралуы туралы жаңалықтармен қуантты.

«Фенербахче» мен «Лилль» арасындағы матч елорда уақыты бойынша сағат 22:00–де басталады. Тікелей эфир Sport Plus Qazaqstan телеарнасының эфирінде, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі