Айымбетовтың «Адана Демирспоры» Жозе Моуриньоның командасына жол берді
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ойнайтын «Адана Демирспор» Түрік Суперлигасының бірінші турының матчында «Фенербахчеден» 0:1 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық «Адана Демирспор» шабуылшысы Абат Айымбетов ойынға қатысатын тізімге кірді, бірақ алаңға шыққан жоқ.
Бір қызығы, сол матчта «Фенербахче» бас бапкері белгілі португалдық маман Жозе Моуриньо ескерту алды, ал 15 жасар Дениз Денмезер қонақтардың қақпасын қорғады.