logo

Батыс дерби Sport Plus Qazaqstan эфирінде. «Атырау» — «Ақтөбе» матчын қайда және қаншада көруге болады

Батыс дерби Sport Plus Qazaqstan эфирінде. «Атырау» — «Ақтөбе» матчын қайда және қаншада көруге болады

Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 14 турының кейінге шегерілген ойыны аясында «Атырау» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.

Бұл матч ертерек өтуі керек еді, алайда «Ақтөбе» Конференция лигасына қатысуына байланысты ойын 11 тамызға ауыстырылды.

Батыс дерби әрдайым өте қызықты өтеді, бұл командалар арасындағы соңғы төрт матч тең аяқталды. Аталмыш төрт матчтың бірі кубок болды, сондықтан командалар пенальти сериясының жеңімпазын анықтады, бірақ негізгі уақыт тең аяқталды

Осы маусымда командалар да Ақтөбеде 1:1 есебімен ойнады. Голдарды Әділхан Танжарықов пен Игорь Сергеевич соқты.

Енді жаңа кездесу. Турнир кестесінде осы матч алдында «Ақтөбе» 28 ұпаймен бірінші орында, «Атырау» 18 ұпаймен 7 орында жүр.

Кездесу 18:00–де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясын Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтянан көруге болады. 



Күн шежіресі