Павлодар облысының әкімі «Екібастұз» командасының қатысуымен өткен ойынның нәтижесіне күмән білдірді
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстанның Бірінші лигасы аясында өткен «Екібастұз» бен «Қайрат» командалары арасындағы ойынды тексеруге уәде берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Айта кетейік, Қазақстанның Бірінші лигасының 17-ші турында «Екібастұз» алматылық «Қайрат» футбол клубының жастар командасымен кездесті. Ойын барысында 1:0 есебімен «Қайрат» командасы алға шыққан кезінде коэффициенттердің күрт өсуі тіркелді, бұл футбол жұртшылығына күдік туғызды. Кездесу қорытындысы бойынша алматылықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.
«Облыс спорт басқармасына осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізуді тапсырамын», — деді облыс әкімі Асаин Байханов аталмыш ойынға қатысты.