logo

Александр Зуев «Тобыл» ойыншысы атанды

Александр Зуев «Тобыл» ойыншысы атанды

Футболшы Александр Зуев қостанайлық «Тобыл» командасының қатарына қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Александр Зуев 1996 жылы 26 маусымда Қостанайда дүниеге келген. Спортты «Тобылдың» футбол үйірмесінде бастаған. Алғашқы бапкері – Рафик Балбабян.

Жартылай қорғаушы Ресейдің «Спартак», «Ростов», «Рубин», «Химки», «Крылья Советов», сондай-ақ сербиялық ИМТ сияқты танымал клубтарында ойнады. Қостанайға дейін Александр Ресейдің «Арсенал» (Тула) командасы құрамында доп тепті.

Александр Зуев 2013 жылы Ресейдің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында Еуропа чемпионатынжеңіп алды. Сондай-ақ сол елдің жасөспірімдер және жастар құрамасында тұрақты ойын көрсетті. Өткен жылдан бастап ол Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап, алғашқы голын соғып үлгерді.

Зуев – жартылай қорғаныста да, вингер позициясында да ойнауға қабілетті жан-жақты футболшы. Үнемі қозғалыста жүреді, талапшыл, доппен белсенді, бүкіл сол қапталды жаба алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Ордабасы» «Дифферданж-03» командасына есе жіберді.



Күн шежіресі