Давид Энен: Команда дұрыс жолда және келесі раундқа өтуді жоспарлап отырмыз
«Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы Давид Энен Sport Plus Qazaqstan сайтына берген эксклюзивті сұхбатында UEFA Конференция лигасының іріктеу турнирінің екінші раундтық матчы туралы пікір білдірді.
— «Санкт-Галленге» қарсы ойын алдында команданың көңіл-күйі қандай?
— Командада бәрі жақсы көңіл-күйде. Бізде Швейцарияға дейін ұзақ және ауыр жол болды. Ойынға 100% қалпына келтіру үшін күш салу керек. Біз ертең мінезімізді көрсетуіміз керек, бірақ тәртіпті ойнаған жөн. Алаңда бірінші минуттан кім шығатыны маңызды емес — бүкіл команда жігер көрсетеді.
— «Ружомберок» командасынан жеңіліс сабақ болды ма? Құрамда өзгерістер болады ма?
— Менің ойымша, үлкен өзгерістер болмайды. «Ружомберокқа» қарсы үйдегі ойында біз осы деңгейде өте жақсы ойнай алатынымызды көрсеттік. Әрине, әрқашан шыңдауға болатын нәрсе бар, бірақ команда дұрыс жолда және келесі раундқа өтуді жоспарлап отырмыз.