Никита Калмыков «Жеңіс» сапынан кетті
Қақпашы Никита Калмыков және елордалық «Жеңіс» өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Калмыков «сары-қара» құрамында жеті матч өткізіп, екі ойынды «нөлге» өткізді.
Никита – павлодарлық футбол мектебінің түлегі. Ол мансабын «Ертіс» жастар командасында бастады. Сондай-ақ, «Қызылжар», «Ақсу», «Қайсар» футбол клубтарында да ойнаған.