logo

«Қайрат» Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысын алуы мүмкін

«Қайрат» Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысын алуы мүмкін

33 жастағы ресейлік қорғаушы Марио Фернандес алматылық «Қайрат» командасының құрамына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Марио Фернандес бұған дейін Ресей құрамасында (33 матч, 5 гол) өнер көрсеткен. Өзінің мансабын негізінен РПЛ-дегі ЦСКА командасында өткізген. Соңғы маусымда ол «Зенит» командасының намысын қорғаған.

Қазіргі уақытта қорғаушы бос агент мәртебесінде. Белгілі TransferMarkt порталы футболшының трансферлік құнын 1,5 млн еуроға бағалауда.