Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

19 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшы Тұрсынай Қабыл парапауэрлифтингтен күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланды.

Алғашқы мүмкіндігінде 100 келіні, екінші мүмкіндігінде 102 келіні, ал соңғы мүмкіндігінде 104 келіні көтеріп, екінші орынға ие болды.

Бұл салмақ дәрежесінде алтын медальді 120 келі көтерген Қытай өкілі Цуй Чжэ жеңіп алды. Ал 97 келіні бағындырған индонезиялық Ни Ненгах Видиасих қола жүлдегер атанды.