Бразилиялық легионер «Жетісуден» кетті
Sport Plus Qazaqstan сайтына белгілі болғандай, «Жетісу» футбол клубы мен бразилиялық Эливелтон өзара келісімшарты бұзды.
Оның орнына талдыкорғандық команда «Қайрат» клубынан Егор Ткаченконы маусым соңына дейін жалға алады.
Бразилиялық ойыншы «Жетісу» сапында алты матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді.