Жібек Құламбаева Бразилиядағы ITF турнирінің финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева италиялық серігі Николь Фосса Уэргомен бірге Бразилияның Сан-Пауло қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жартылай финалда қазақстандық-италиялық жұп Тайса Педретти (Бразилия) мен Ноэлия Себальос (Боливия) дуэтінен 7:6, 6:1 есебімен басым түсті.
Бұл Жібек пен Николь үшін ITF жұптық турнирлерінде қатарынан үшінші финал болып отыр, олар Аргентинада бір турнирде жеңіске жетіп, екіншісінде финалда жеңіліске ұшыраған еді.