Амир Омарханов Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Амир Омарханов Пекинде өтіп жатқан ITF Juniors J300 сериясының турнирінде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол үшінші айналымда Кореядан келген Донюнг Хванды (133-орын ITF Juniors) 6:7 (4:7), 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Ширек финалда Омарханов Куан-Чоу Ченмен (79-орын ITF Juniors) кездеседі.