Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы турнирдің іріктеу кезеңінен өтті
Бейбіт Жұқаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайдағы ATP «Мастерс» 1000 турнирінің негізгі жарыс кестесіне өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, іріктеудің шешуші кездесуінде Жұқаев британдық Билли Харристы (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Айлағашқы айналымда кездесетін теннисшінің есімі кейін белгілі болады.
Шанхайдағы «Мастерс» Бейбіт үшін ең сәтті турнирлердің бірі. Былтыр ол чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, негізгі сынға өткен еді.