logo

Құламбаева Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Құламбаева Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Аргентинада екі сәтті турнир өткізгеннен кейін, Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уерго жұбымен Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінде өнерін жалғастырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы матчта қазақстандық-италиялық жұп аргентиналық Жюльета Лара Эстейбл мен чилилік Фернанда Лабрана дуэтін 6:1, 6:1 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.