logo

Попко Буэнос-Айрестегі турнирді сәтті бастады

Попко Буэнос-Айрестегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан Челленджер турнирінде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дмитрийдің алғашқы қарсыласы жергілікті теннисші Николас Кикер болды. Ойын 6:2, 6:7, 7:6 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Келесі қарсыласы — турнирдің екінші ракеткасы, аргентиналық Франсиско Комесана болмақ.



Күн шежіресі