logo

«Жетісу» бас бапкері Қазақстан құрамасының шабуылшысына қызығушылық туралы айтты

«Жетісу» бас бапкері Қазақстан құрамасының шабуылшысына қызығушылық туралы айтты

«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов «Ақтөбенің» шабуылшысы Абылайхан Жұмабекпен келіссөздер жүргізгені туралы айтты, деп хабарлады Sport Plus Qazaqstan.

«Абылайханмен сөйлескенбіз, бірақ ол жиында жарақат алып қалды. Негізі кез келген бапкер команданы жасақтауға келген кезде ешқашан 100% қанағат болмайды. Трансферлік терезеде тағы 1-2 жаңа ойыншы келіп қалуы мүмкін», - деді Нұрдәулетов.