Азамат Шайхы: Мамыр айында «Астанаға» қарсы матч алдында «Қобыландыға» ораламыз деп үміттенеміз
«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Азамат Шайхы маусымға деген үміттерімен бөлісті, команданың мақсаттары мен незігзі стадионына оралу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Біз маусымды «Қайсарды» жеңіп, жақсы бастадық. Физикалық форманы сақтау үшін біз бірінші турдан кейін Түркияға қосымша жиын жасауға бардық. Біз қазір ішкі чемпионатты жалғастыруға толық дайынбыз.
«Жеңіс» жаман команда емес, тарихы бар команда және бүгін бізді өте қызықты ойын күтіп тұр. Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз.
Мамыр айында өтетін «Астанаға» қарсы матчқа біз негізгі стадионға ораламыз деп үміттенеміз. Біздің жанкүйерлер чемпиондықты күтуде және біз осы мақсатқа жету үшін бәрін жасаймыз», - деді Шайхы Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында.