Наурызбек Жагоров «Жетісуға» қарсы ойын туралы: Шабуылдарды сәтті ақтауға түпкілікті ой жетіспеді
«Атырау» командасының жартылай қорғаушысы Наурызбек Жагоров Sport Plus Qazaqstan арнасына берген сұхбатында «Жетісуға» (0:1) қарсы ойын туралы айтып берді.
«Бұрыштамадан керек емес гол жіберіп алдық. Содан кейін жинақталып, шабуыл жасап, он бір метрлік айып добына қол жеткіздік, бірақ гол соға алмадық. Әрі қарай қиын болды. Кей кездері сәттілік жетіспеді, қарсыласта жақсы қорғанып, мүмкіндік бермеді. Ойынның басында, алғашқы 10-15 минутта, допты беріп қойып, қарымта шабуылдарды іске асыру туралы ой болды. Қарсылас бірінші нөмірмен қалай ойнайтынын көргіміз келді. Бірақ біздер әрдайым өз алаңымызда тек бірінші нөмірмен ойнаймыз. Үзілісте бас бапкер кемшіліктерімізді ескеріп, екінші таймға жоспар құрды, алайда шабуылдардың соңғы мезеттерінде бізге бәрін сәтті ақтауға түпкілікті ой жетіспеді. Соғылмаған пенальтиге келетін болсақ, бас бапкер пенальтиді орындайтын футболшыларды өзі таңдайды», - деді жартылай қорғаушы.