«Ақтөбе» өз алаңындағы алғышқы ойынында жеңіске жетті
Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» мен «Жеңіс» арасындағы футболдан Olimpbet QFL Премьер-лиганың 3-турының матчы аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу Максим Самородов, Идрис Умаев және Дорни Ромеро голдарының арқасында алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Айта кететіні, екінші таймда «Ақтөбе» сапынан екінші сары қағаз алғаны үшін қорғаушы Матео Барач алаңнан қуалды.
«Ақтөбе» – «Жеңіс» - 3:0 (2:0)
Голдар: Самородов пенальти 13 (1: 0), Умаев 16 (2: 0), Ромеро 48 (3:0)
31.03.2024. Ақтөбе, №8 ОДЮСШОР.