«Жеңіс» «Шерифтің» бұрынғы қорғаушысымен келісімшарт жасасты

«Жеңіс» «Шерифтің» бұрынғы қорғаушысымен келісімшарт жасасты

Елордалық «Жеңіс» клубы 28 жастағы ганалық қорғаушы Патрик Кпозомен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Кпозо — Гананың «Интернэшнл Аллайс» клубының түлегі. Ол әр жылдары Швецияның «АИК» және «Эстерсунд» клубтарында, сондай-ақ Молдованың «Шериф» командасында өнер көрсеткен.

«Шериф» сапында қорғаушы екі мәрте Молдова чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алған.

Футболшының соңғы клубы Чехияның «Баник» командасы болды. Сонымен қатар, Патрик Кпозо Гана ұлттық футбол құрамасы сапында да өнер көрсету тәжірибесіне ие.



Күн шежіресі