«Ақтөбе» Еуропа құрамасының ойыншысымен қоштасты
«Ақтөбе» футбол клубы 31 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Корзун командадан кеткенін ресми түрде жариялады.
Никита Корзун «Ақтөбе» сапында 2025 жылдың маусым айынан бері өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 21 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Бұған дейін беларусьтік футболшы «Елімай» клубында ойнаған. Сондай-ақ ол «Динамо» (Минск), «Динамо» (Киев) және «Шахтер» (Солигорск) командаларының намысын қорғаған.
Сонымен қатар, Корзун Беларусь ұлттық футбол құрамасы сапында да өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншы болып саналады.