logo

«Жетісу» беларуссиялық қорғаушымен толықты

«Жетісу» беларуссиялық қорғаушымен толықты

Талдықорғандық «Жетісу» 26 жасар беларуссиялық Константин Кучинскиймен келісім-шартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Беларуссиялық қорғаушы кәсіби футболдағы алғашқы қадамын «Энергетик-БГУ» командасында бастады. Бұған дейін Константин «Ислочь» командасында ойнаған.

«Ислочь» сапында 16 кездесу өткізіп, бір гол және екі нәтижелі паспен ерекшеленді.