logo

Жақсылық Үшкемпіров турнирі: алғашқы жеңімпаздар анықталды

Жақсылық Үшкемпіров турнирі: алғашқы жеңімпаздар анықталды

Грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы командалары қатысуда. 10 салмақ дәрежесінде барлығы 234 бақ сынауда. Бес салмақта жеңімпаз және жүлдегерлер белгілі.

55 келі. 1.Әлібек Амиров (AIN) 2.Айбек Айтбеков (Қазақстан) 3.Арсен Жұма (Қазақстан), Хусейн Савадов (Әзірбайжан)

63 келі. Ерзу Закриев (AIN) 2.Дамир Ибрашов (Қазақстан) 3.Махаммад Шукурзаде (Әзірбайжан), Даниал Молдабек (Қазақстан)

72 келі. 1.Руслан Нуруллаев (Әзірбайжан) 2.Тайыр Амангелді (Қазақстан) 3.Ырыскелді Хамзаев (Қырғызстан), Ақжан Ықыласов (Қазақстан)

82 келі. 1.Ерасыл Жеңіс (Қазақстан) 2.Исмаил Рзаев (Әзірбайжан) 3.Рамазан Пашаев (Украина), Жанболат Бекен (Қазақстан)

97 келі. 1.Егор Якушенко (Украина) 2.Амирхон Бердіқұлов (Өзбекстан) 3.Максим Аверин (AIN), Баһрам Құрбанов (Қырғызстан)



Күн шежіресі