Жәмила Бақбергенова Түркиядағы ірі турнирден сырт қалды
Түркияның Стамбул қаласында күрестен дәстүрлі Яшар Догу турнирі басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алайда, бұл сынға 76 келідегі ел чемпионы, әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері Жәмила Бақбергенова барған жоқ. Оның жарыстан сырт қалу себебін бас бапкер Қайрат Сағадиев түсіндірді.
Жәмиланың олимпиадалық салмақта ел чемпионы болғанын білесіздер. Қазіргі таңда ол Бішкекте өтетін лицензиялық жарысқа дайындалып жатыр. Сондықтан, оны бұл жарысқа қоспадық. Оның үстіне, жаңа салмақтағы қарсыластары Бақбергенованы зерттеп алмасын деген ойымыз да болды, - дейді Сағадиев.
Түркиядағы турнирге қатысып жатқан Қазақстанның бірінші құрамы:
50 келі: Лаура Ғаниқызы
53 келі: Марина Седнева
57 келі: Эмма Тисина
59 келі: Жұлдыз Ешімова
62 келі: Ирина Кузнецова
65 келі: Ирина Казюлина
68 келі: Елена Шалыгина, Мадина Бақбергенова
76 келі: Эльмира Сыздықова