logo

Зайнутдиновтың клубы қола жүлде үшін таласта. «Касымпаша» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

Зайнутдиновтың клубы қола жүлде үшін таласта. «Касымпаша» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

«Самсунспордың» кезекті сәтсіздігінен кейін «Бешікташ» Түркия Суперлигасы турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді, бірақ әзірге тек жоғалтқан ұпайлар бойынша.

Олар нақты ұпай саны бойынша олар әлі де төртінші орында. Егер Сульшердің жігіттері қола медальға қол жеткізгісі келсе, енді бірде-бір ұпай жоғалтуға болмайды.

Қазіргі таңда команданың жағдайы аса жақсы емес — соңғы 5 ойында тек бір ғана жеңіс. Алда «Касымпашаға» қарсы матч тұр. Айта кету керек, бұл команда керісінше, соңғы екі матчта «Самсунспор» мен «Аланьяспорды» жеңді.

Аталмыш командалар арасындағы алғашқы кездесу де «құзғындар» үшін оңай болмады — олар өз алаңында 3:1 есебімен жеңілді.

«Касымпаша» – «Бешікташ» кездесуі 7 сәуір күні сағат 22:00–де өтеді. Матчты тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі