«Ақтөбе» төрт гол соғып, жеңіске жетті (видео)

6 сәуірде Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Матч 4:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. «Ақ-қызылдар» сапында голдарды Бағдат Қайыров, Дархан Бердібек, Идрис Умаев және Оралхан Өміртаев соқты.
Қонақтар құрамынан жалғыз нәтижелі соққыны Айбар Жақсылықов жасады.