logo

Зайнутдиновтың «Бешікташы» сенімді жеңіске жетті

Зайнутдиновтың «Бешікташы» сенімді жеңіске жетті

Стамбулдық «Бешікташ» Түркия Суперлигасының 27-ші турында «Истанбулспор» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бахтиер Зайнутдинов кездесудің 87-минутында алаңға шығып, алты минуттан кейін сары қағаз алды. Енді қазақстандық Түркия Суперлигасының 28-ші турының «Галатасарайға» қарсы ойынға қатыспайды.

Қазіргі уақытта «Бешікташ» турнир кестесінде төртінші орында келе жатыр.