Холанд, Эдегор, Серлот: Норвегия Қазақстанмен болатын ойынға құрамын жариялады
Норвегия футбол федерациясы Ұлттар Лигасы аясында Қазақстанға қарсы алғашқы матчқа құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл ойын 6 қыркүйекте Алматыда өтеді.
Қақпашылар: Орьян Ниланд («Севилья»), Эгил Селвик («Хеугесунн»), Матиас Дюнгеланн («Бранн»).
Қорғаушылар: Кристофер Айер («Брентфорд»), Йеспер Даланн («Кардифф»), Андреас Ханче-Ольсен («Майнц»), Юлиан Рюэрсон («Боруссия Д»), Лео Эстигор («Ренн»), Фредрик Бьеркан («Буде-Глимт»), Фредрик Шевольд («Буде-Глимт»), Давид Меллер Вольф («АЗ»).
Жартылай қорғаушылар: Мартин Эдегор («Арсенал»), Сандер Берге («Фулхэм»), Патрик Берг («Буде-Глимт»), Феликс Мюхре («Бранн»), Арон Деннум («Тулуза»), Осаме Сахрауи («Лилль»), Антонио Нуса («РБ Лейпциг»), Мортен Торсбю («Дженоа»), Кристиан Торстведт («Сассуоло»).
Шабуылшылар: Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Йерген Странн Ларсен («Вулверхэмптон»), Александр Серлот («Атлетико Мадрид»).
Қазақстан құрамасы Норвегиямен болатын матчтан кейін 9 қыркүйекте Словениямен келесі ойын өткізеді.