logo

Геннадий Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Грекияға аттанды

Геннадий Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Грекияға аттанды

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Афинаға (Грекия) Қазақстан футбол құрамасын қолдау үшін келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Афина, 20 жылдан кейін. Команданы қолдауға келдік. Алға, Қазақстан», — деп жазды Головкин.

Головкин 2004 жылғы Афина Олимпиадасына қатысып, финалда ресейлік Гайдарбек Гайдарбековтан жеңіліп, күміс медаль иеленген.

Геннадий Головкин Грекия — Қазақстан матчына, Ұлттар Лигасы плей-офф жартылай финалы аясында барып, маңызды ойында қолдау көрсетеді. Ол трибунада отырып, ойынды тамашалайды.

Қазақстан футбол құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу науқанын жалғастыруда. Қазақстандық футболшыларға Грекияны жеңу қажет. Бұл оларға плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді. Жолдама плей-офф жеңімпазына беріледі.

Грекияға қарсы матч 22 наурыз күні өтеді және сағат 00:45–те басталады.