logo

Черчесов Ұлттар лигасы туралы: Неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызық болмақ

Черчесов Ұлттар лигасы туралы: Неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызық болмақ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасына дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Қазір Қазақстандамын. Мұнда бірнеше матч көруді және ұлттық командаға үміткерлермен кездесуді жоспарлап отырмын. Осы аптада футбол федерациясы ұйымдастырған бірнеше кездесу мен іс-шара өтеді. Ұлттар лигасының Норвегия және Словениямен болатын қыркүйектегі матчтарының алдында жиын, өкінішке орай, қысқа болады, бірақ біз одан максимум шығарып алуға тырысамыз. Бізде өте мықты топ, алда қиын ойындар тұр. Бірақ неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызық болады».

Қазақстан Ұлттар лигасының В дивизионында Австрия, Норвегия және Словениямен бір топта өнер көрсетеді. 6 қыркүйекте Черчесовтың командасы норвегиялықтарды өз алаңында қабылдайды, ал 9-ында словениялықтармен сырт алаңда ойнайды.



Күн шежіресі