Виктория Графеева Азия чемпионатының финалында
Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін жартылай финалдағы алғашқы жеңіс тіркелді, деп хабарлайды Sport+
60 келідегі Виктория Графеева Таиланд өкілін мерзімінен бұрын жеңді. Кездесу екінші раундтың басында тоқтатылды.
Ақтық сын 10 желтоқсан күні өтеді. Викторияның қарсыласы Қытай-Украина жекпе жегінде анықталды. Енді қазақстандық боксшы Ли Ксиангпен (Қытай) алтын медальді сарапқа салады.
Бұған дейін 57 келідегі Ұлжан Сәрсенбек ринг қожайынына жол берген еді. Сонымен қатар, аса ауыр салмақтағы Елдана Талипова жекпе жексіз финалға өткенін айта кетейік. +81 келіде бар болғаны үш спортшы тіркелген.