logo

Азия чемпионаты: Сәттібаева мен Орақбаева қола жүлдемен шектелді

Азия чемпионаты: Сәттібаева мен Орақбаева қола жүлдемен шектелді

Таиландтағы бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық кезең басталды, деп хабарлайды Sport+

Қазақстан әйелер құрамасы бүгінгі жарыс күнін қос жеңілістен бастады. Ең жеңіл салмақ дәрежесі 48 келіде Айгерім Сәттібаева жартылай финалда 1:4 есебімен өзбекстандық боксшыға жол берді. Осылайша, Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

52 келіде Жазира Орақбаева да Азия чемпионатының қола жүлдегері санатында жарысты аяқтады. Бүгінгі жартылай финалдағы жекпе жекте жеңіс Өзбекстан спортшысына берілді, 5:0.

Әйелдер арасындағы жартылай финалда әлі де 7 қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады.