Теннисші Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды

Теннисші Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық теннисші 2025 жылы Ниньбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап, рейтингтік қоржынына тағы 500 ұпай қосты.



Күн шежіресі