Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Бибосыновтың қарсыласы өзбекстандық Асилбек Жалилов болды. Осы жекпе-жекте Жалилов Қазақстан құрамасына турнирдегі екінші жеңілісті алып келді.
Бұған дейін жартылай финалға Санжар Тәшкенбай шыққан еді. Ол тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңіп, жүлдеге бір қадам жақындады.