logo

Азия чемпионаты: Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр

Азия чемпионаты: Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр

Таиландта бокстан Азия чемпионаты жартылай финалдық кезеңге жетті. Ширек финал нәтижесіндегі статистика бойынша Қазақстан мен Өзбекстан тең дәрежеде көш бастап тұр, деп хабарлайды Sport+

6 желтоқсан күні ерлер сапынан бес боксшымыз шаршы алаңға шығып, үшеуі жеңіске жетті. Осылайша, Таиландқа аттанған 25 спортшының жиырмасы жүлдеге ілікті.

 1. Қазақстан, Өзбекстан: 20 медаль
 2. Украина: 13 медаль
 3. Таиланд: 9 медаль
 4. Қытай: 7 медаль
 5. Филиппин, Тәжікстан: 5 медаль
 6. Қытай Тайпейі, Моңғолия, Вьетнам: 4 медаль
 7. Жапония, Қырғызстан: 2 медаль
 8. Камбоджа, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка: 1 медаль

Бүгін, 7 желтоқсан күні әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе жектер өтсе, 8 желтоқсанға ерлер кездесуі жоспарланған. Басталуы Қазақстан уақытымен 12:00. Ал, ақтық сын 10-11 желтоқсан өтеді.