logo

Валерий Ситало – «Ақтөбенің» жаңа қақпашылар бапкері

Валерий Ситало – «Ақтөбенің» жаңа қақпашылар бапкері

Қазақстан құрамасының қақпашылар бапкері Валерий Ситало «Ақтөбе» клубының қақпашылар бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Маман Украина, Ресей, Венгрия, Германия клубтарында өнер көрсетті.  Ситалоның бапкерлік мансабы «Рось» клубында басталып, 54-жасар маман Қазақстанда 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  «Атырауда» үш жыл жұмыс істесе, 2006 жылдан бастап бүгінге дейін қарағандылық «Шахтерда» қызмет етті.

Ситало Қазақстан құрамасының көптеген қақпашыларымен бірге жұмыс істеді: Александр Мокин, Давид Лория, Стас Покатилов және Игорь Шацкий.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұлттық құраманың қақпашысы Игорь Шацкий Ақтөбеге ауысқан болатын.