«Ақтөбе» ойыншылары физикалық жағдайын қалпына келтіруде
Оқу-жаттығу жиынында жүрген «Ақтөбе» футбол клубының физикалық даярлық жаттықтырушысы Мұхтар Ерімбетов команданың қазіргі күйін баяндады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Күнделікті екі жаттығу өткіземіз Екі айлық үзілістен кейін ойыншылардың физикалық жағдайын қалпына келтіру оңай емес. Дегенмен, басты мақсатымыз кезең-кезеңімен, ойыншыларды қалпына уақытылы келтіру, күшін және шыдамдылығын дамыту. Айта кетерлік жәйт, команда сапына бұрын-соңды болмаған жастар саны қосылды. Олар Ақтөбе жастар құрамасына шақырту алып жүрген және QJ лига ойнайтын жігіттер. Дені әлі жас, бар болғаны 17-18 жаста. Команданың әр мүшесі барынша оларға қолдау көрсетуде және оларға зор үміт артамыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram