Игорь Шацкий – «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы
«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Шацкийдің ауысқанын ресми жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
34 жастағы ойыншы – қарағандылық «Шахтердің» түлегі. Сондай-ақ оның мансабында «Астана-1964» және «Тобыл» сияқты клубтар болды.
2017 жылдан бастап ұлттық құрамаға тартыла бастаған Игорь команданың негізгі қақпашысына айнала білді.
2022 жылы КПЛ-дің «үздік қақпашысы» атанып, «Жыл спортшысы» ұлттық жүлде иегері атанды.