logo

«Ақтөбенің» түлегі туған командасына қайта оралды

«Ақтөбенің» түлегі туған командасына қайта оралды

Қақпашы Игорь Трофимец «Ақтөбе» футбол клубымен екі жылға келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы ақтөбелік клуб ресми хабарлады.

- Туған командама қайтым келгеніме қуаныштымын. Соңғы жылдары басқа командаларда өнер көрсетіп, тәжірибе жинадым. Бұрынғыдан мықты болып келдім. «Ақтебеге» оралған себебім, бұл командаға чемпион болуға көмектескім келіп отыр, - деді 27-жасар қақпашы.

Трофимец Ақтөбе футболының түлегі, бірақ соңғы төрт жылын басқа қазақстандық командаларда өткізді. Игорь «Ордабасы», «Шахтер» және «Ақсу» командаларында өнер көрсетті.

2023 жылғы маусымда «Ақсу» сапында 10 матч және «Екібастұз» құрамында Бірінші лига аясында ойнады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC AKTOBE | ФК АКТОБЕ (@fcaktobe_official)