Лео «Ақтөбе» құрамында қалды
Аргентиналық жартылай қорғаушы Леонел Струмия «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
31 жастағы хавбек былтыр маусым басында ғана қызылдар құрамын толықтырып, отыз матч өткізді және бір нәтижелі пас берді.
Ал маусым аяғына қарай Лео капитан қолбауын ресми иеленіп, команданың көшбасшысына айнала білді.
«Ақтөбе» құрамында жүріп, Қазақстанның қола жүлдегері атанған.