logo

Вадим Яковлев: «Астанаға» сенемін, бірақ «Милсами» де осал емес

Вадим Яковлев: «Астанаға» сенемін, бірақ «Милсами» де осал емес

Қазіргі уақытта Молдовада «Бэлць» клубында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық жартылай қорғаушы Вадим Яковлев УЕФА Конференция лигасы аясында өтетін «Милсами» – «Астана» ойынына Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында өз болжамымен бөлісті.

«Менің болжамым - «Астана» екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтеді деп ойлаймын. Бірақ бұл өте қиын болады, өйткені «Милсами» - оңай қарсылас емес. Ойыннан жақсы және нәтижелі футбол күтемін. «Милсами» - өз мүмкіндігін күтіп отыратын өте тәртіпті команда», - деді жас футболшы.

«Милсами» – «Астана» ойыны 25 шілде күні сағат 21:00-де басталады. Кездесудің тікелей эфирін Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және Sport Plus Qazaqstan Youtube-арнасында тамашалауға болады.



Күн шежіресі