Сенин Себай: Криштиану Роналдумен кездесіп, тағы бір арманым орындалды
«Қызылжар» клубының жаңа шабуылшысы Сенин Себай Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында петропавлдық клубқа ауысуы, әлемдік жұлдыздарға қарсы ойын және жайлы айтты.
- «Қызылжармен» келіссөздер қалай өтті? Клубқа ауысуды кім ұсынды?
- Бірінші кезекте, «Қызылжар» сапына ауысқаныма қуаныштымын. Командаға қосылуым көп қиындық тудырған жоқ. Агентім хабарласып, петропавлдық команданың саған қызуғушылығы бар деп айтты. Клуб басшылығын бұрыннан білетінмін, себебі «Тобылда» 2 жыл қатарынан өнер көрсеттім. Командаға ауысуыма осы факторлар әсер етті.
- «Тамбов» клубы сапындағы жақсы маусымнан кейін Ресей Премьер-лигасында қалып ойнауыңа мүмкіндік болды. Не себепті қазақстандық команданың ұсынысын таңдадың?
- Қазақстанға келуімнің себебі мен Конференция лигасында, Еуропа лигасында ойнағым келді. «Тобыл» клубы сол кезде Европада ойнауға жолдама алған еді. Мені осы мүмкіндіктер қызықтырды.
- Сен Криштиану Роналдудың командасына қарсы ойнадың. Сонымен қатар Мане және Лапорт сияқты әлемдік жұлдыздармен бір алаңға шықтың. Қандай сезімде болдың?
- Футболдағы әлемдік жұлдыздармен ойнау деген әркімнің арманы шығар. Бір алаңда қарсылас болыпта өнер көрсету деген жақсы жетістік. Мен Криштиану Роналдуға таңғаламын. Онымен кездесіп, тағы бір арманым орындалды.
- Сұхбаттарыңның бірінде Беларусь чемпионатында физикалық футбол болғандықтан ойнау қиынға соқты деп едің. Қазақстанда да сондай мәселе болды ма?
- Иә, Шығыс Еуропа футболында физикалық белсенділік көп. Қазақстанда Беларусь біріншілігімен салыстырғанда одан да көп физикалық дайындығыңа мән береді. Алайда, бұл қалыпты жағдай. Шынымды айтсам, үйреніп кеттім.
- Неліктен сізді командасталарыңыз «Арыстан» деп атайды?
- Мен өзімді арыстанмен теңестірем. Себебі мен туып-өскен жерде өмір сүру үшін арыстан мінезді болуың керек. Тұрмыстары төмен адамдар тұратын жерде әлсіздерге орын жоқ. Сол себепті мені арыстан деп атап кетті. Голды тойлауым кезінде жеңімпаз арыстанның жүрісін білдіреді.