Үш бұрымды балуанымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Әйелдер күресінен қазақстандық үш балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова мен Эльмира Сыздықова (76 келі) алғашқы іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, келесі айналымға өтті.
Енді жартылай финалда Яхьярова Оңтүстік Корея өкілі Кёнг Рёнг Охпен, Каюмова моңғолиялық Анудари Батхуягпен, ал Сыздықова қырғызстандық Айпери Медетқызымен күреседі.
Елорда уақытымен 13:30-да жартылай финал және жұбаныш белдесу өткізіледі.
Ал финалдық белдесулер 17:00-ден кейін өтеді.