Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Асыл Айтақын мен Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
61 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Асыл Айтақын ширек финалда моңғолиялық балуан Енкхбол Енхбатты 11:0 есебімен жеңді.
Ал 86 кг салмақтағы Азамат Дәулетбеков Иран өкілі Хади Бахтияр Вавифурдан 3:1 есебімен басым түсті.
Еске салайық, кеше, 10 сәуірде Қазақстан құрамасының қоржынына күрестен Азия чемпионатының 2 жүлдесі түсті.
Еркін күрестен 57 кг салмақтағы Мейрамбек Қартбай қытайлық балуан Вею Лиді 7:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.