logo

Күрес түрлерінен Азия біріншілігі: Бүгін боз кілемге бұрымды балуандар шығады

Күрес түрлерінен Азия біріншілігі: Бүгін боз кілемге бұрымды балуандар шығады

Қырғызстанда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күні боз кілемге бұрымды балуандар шығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Атап айтсақ, әйелдер арасындағы белдесулерде күндізгі сессиядағы іріктеу, жартылай финал және жұбаныш белдесулері Астана уақытымен сағат 10:30-да басталады.

Ал финалдық белдесулер 17:00-ден кейін өтеді. Аталған сарықұрлық додасы «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Бүгін Бішкек боз кілемінде бұрымды балуандар 50, 55, 59, 68, 76 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Қазақстан құрамасының атынан шығатын балуандар тізімі төмендегідей:

50 келі - Ирина Жәнібекова
55 келі - Зульфия Яхьярова
59 келі - Диана Каюмова
68 келі - Альбина Қайыргельдинова
76 келі - Эльмира Сыздықова.



Күн шежіресі