logo

Еркін күрес шеберлері Азия біріншілігін төртінші орынмен аяқтады

Еркін күрес шеберлері Азия біріншілігін төртінші орынмен аяқтады

Қырғызстанда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионында еркін күрес шеберлері жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еркін күрестен ел қоржынына Азамат Дәулетбеков (86 келі) алтын медаль сыйласа, Асыл Айтақын (61 келі) мен Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс жүлде жеңіп алды. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі) ұолаға жүлдеге қол жеткізген болатын.

Осылайша еркін күрес шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте 4-орнға ие болды.

Жалпы командалық есеп:

1-орын - Иран (190 ұпай - 5 алтын, 0 күміс, 3 қола)
2-орын - Жапония (130 ұпай - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола)
3-орын - Қырғызстан (121 ұпай - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола)
4-орын - Қазақстан (118 ұпай - 1 алтын, 2 күміс, 1 қола)
5-орын - Моңғолия (92 ұпай - 0 алтын, 2 күміс, 2 қола).