logo

UFC жауынгері Генри Сехудо: Егер Шавкат Гэрри сияқты қарсыласты құлата алмаса, Белал Мұхаммадты қалай жеңеді?!

UFC жауынгері Генри Сехудо: Егер Шавкат Гэрри сияқты қарсыласты құлата алмаса, Белал Мұхаммадты қалай жеңеді?!

UFC-дің бұрынғы чемпионы, американдық жауынгер Генри Сехудо Рахмонов — Гэрри жекпе-жегіне баға берді, деп хабарлайды Sport+. 

— Бұл жекпе-жек көңілден шықпады. Рахмоновтың бұл нұсқасында 18-0, 18 жеңіс аурасы болған жоқ сияқты. Иэн туралы айтқан сөздер рас болды — қызықсыз жекпе-жек болды. Менің ойымша, бұл жекпе-жек — қызық емес, бірақ жақын. Менің айтайын дегенім, жалпы әр раундта Шавкат жекпе-жекті басқарды, бірақ Иэн Гэрри оны қиын жағдайға душар етті, әсіресе бесінші раундта. 

Мен Рахмонов Гэрриді менсінбегендей сезіндім. Ол шамамен 10 тейкдаун жасады, бірақ екеуі ғана пайдалы болды. Содан кейін мен Усман Камараның сөзін еске түсірдім. Егер Шавкат Гэрри сияқты қарсыласты құлата алмаса, Белал Мұхаммадты қалай жеңеді?!